Талас: Имамдар арасында Облыстық футбол турнирі ұйымдастырылды

Талас: Имамдар арасында Облыстық футбол турнирі ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қаратау қаласында “Спорт кешені” залында Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының ұйымдастырумен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының 35 жылдығына орай Жамбыл облыстық имамдар арасында кіші футболдан ашық турнир өтті. Бұл шараға "Rizyq-mubarak" қоғамдық қоры және Талас ауданының мешіттері қаржылай демеушілік жасады. Ал, аудан әкімшілігі жарыстың өз деңгейінде өтуіне мұрындық болды. Жарыста жалпы саны 12 аудан командалары қатысып, бақтарын сынады.

Тартысқа толы өткен турнирде тұғыр биігінен «һибатулла Тарази» мешіті командасы көрініп, бірінші орынды иеленді. Екінші сатыға «Меркі ауданы» командасы жайғасса, жүлделі үшінші орын «Қордай ауданы» командасына бұйырды. Бірінші орынға 100.000 тг, екінші орынға 75.000тг, үшінші орынға 50.000тг қаржылай сыйлық табыс етілді. Турнир барысында «Үздік шабуылшы» — Тохтамуратов Батыр «Үздік қақпашы» — Дәулетқазы Ернар «Үздік қорғаушы» — Егізбаев Әлмұхаммед атанды.

Іс-шара соңында Жамбыл облысының бас имамы Мырзагелдиев Бейбіт сөз сөйлеп, аталмыш іс-шараны өз деңгейінде ұйымдастырған Талас ауданының бас имамына, аудан әкімшілігіне арнайы рақметін айтты. Жеңімпаздар арнайы дипломмен, медальмен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Талас аудандық “Қаратау Қажы би” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: