Қаратау қаласы "Әбдібай ата" мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы Қаратау қалалық Техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, лудомания (құмар ойынға тәуелділік) мәселесіне кеңінен тоқталды.
Имам жастарға құмар ойындардың зияны, оның адам өміріне, отбасына, қоғамға тигізетін зардабы жайлы түсіндіріп, адал еңбекпен табыс табудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында студенттер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
"Әбдібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.