Талас ауданы, Қожағаппар ауылында "Қолбасшы Қойгелді" мешітінің имамы Мұстафаев Жексенбай ағамыздың ұйымдастыруымен ауылдық мәдениет үйінде"Асыл дініміз экстремизм мен терроризмге қарсы" атты іс-шара өтті.
Жиын барысында Жексенбай имам экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер зияны туралы баяндама жасап, жиналған қауымға жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, дұрыс діни білім алудың маңыздылығы, ұлттық құндылықтарды сақтау және діннің адам өміріндегі рөлі туралы кеңінен насихат айтты.
Кездесу соңында Жексенбай имам жамағатқа ақ батасын беріп, қатысушыларға ризашылығын білдірді.
"Қолбасшы Қойгелді" мешітінің баспасөз қызметі.