Талас ауданы, Қасқабұлақ ауылы, "Әбілхан қажы" мешітінің имамы Хеурза Асановтың ұйымдастыруымен ләңгі тебуден жамағат арасында кішігірім жарыс ұйымдастырылды. Жамағат өте белсенді болып, барлығы дерлік кезекпен-кезек балалық шақтарын еске түсіріп, ләңгі тебуге лап қоя кетті.
Өте тартысты және қызықты өткен жарыста 37 рет арасын үзбей ләңгі тепкен Латиф есімді мешіт жамағаты бірінші орында иеленді. Хеурза имам Латиф мырзаға сыйақы ретінде 10 000тг қаржылай сыйлық табыс етті. Аталмыш іс-шара соңында Хеурза имам жамағатқа алғысын білдіріп, барша қатысқандарға рақметін айтты.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі