Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжапар ауылы «Әбдіжаппар» мешітінің имамы Ғалымжан Аятұлы мектеп жастарымен кездесіп, «Құмар ойындарға қарсымыз» тақырыбында сөз сөйлеп, насихат жасады.
Ғалымжан имам сөз басында: «Шариғат адамға зиян келтіретін ойындардың бәріне тыйым салған. Кімде-кім досына құмар ойынды ойнауға ұсыныс жасаса, оның садақа беруі қажет. Сонымен қатар хадистен құмар ойынды ойнау былай тұрсын, оған шақырудың өзі күнә екенін білдіреді. Құмар ойыны арам етілген іс болғандықын, ол арқылы келген қаражат та харам болып саналады. Мұсылман адам ондай жолмен нәпақа таппайды әрі бұндай саладағы кәсіппен де айналысуына болмайды. Құмар ойын күнә арқалатумен қатар адамды жауапсыздыққа, жалқаулыққа, қала берді сұрамшақтыққа бойын үйретіп, соңында ешкімге жаны ашымайтын, ертеңін ойламайтын, ақша үшін арын да, намысын да оп-оңай сатып жіберетін төмендікке, надандыққа алып барады. Отбасының берекесін кетіріп, қоғамды бүлдіреді,- деп, зиянды жақтарын баса атап өтті.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі