Тұрар Рысқұлов ауданы Қазақ ауылы «Қазақ» мешітінің имамы Елдос Мырзатайұлы мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен өткен кездесуге қатысты. Кездесуде «Арақсыз ауыл» жобасы кеңінен насихатталды. Ауыл дүкендерінде арақ-шарап сатылмауы ұсынылды. Мешіт имамымен бірге жиынға мектеп директоры Мадина Сарсенова, әкімшілік қызметкерлері мен жергілікті инспекторлар белсене қатысып, жобаны қолға алуға, іске асыруға ат салысуға шақырды.
Ауыл имамы баяндама жасап, арақтың асыл дінімізде харам екендігін, ішкен адамның ауыр күнә арқалайтындығын және 40 күн дұғасы қабыл болмайтындығын баса айтты.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі