Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылы «Көгершін» мешітінің имамы Қайрат Ерметов мектеп жастарымен кездесіп, мұсылман адамның сипаттарын баяндап өтті.
Қайрат имам сөзінің басында: «Салт-дәстүріміздегі тәрбие жолын қарап отырсақ нақ осы мұсылманның шынайы сипаттарын көреміз. Барлығы дерлік Құран аяттары мен әз пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сүннет шәріптеріне саятын, тәрбие негізі. Кешегіде қарт қарияларымыз тіпті әжелеріміздің өздері немере-шөберелерін жинап алып, тәрбиенің қайнар көзі іспеттес хадис шәріптер мен нақыл сөздерді айтып санамызды жақсылықпен әрлейтін. Үлкенді сыйлау, ізет-құрмет көрсету секілді, тіпті, мәпелеп өсірген өз ата-аналарының тілдерін алмайтын жастарды да жиі байқап қалатын болдық.
Міне, осы сәтте бізге ең керегі үлкеннің ақылы, тек ақылы ғана емес тәй-тәй басқаннан бастап санасына тәрбиелік даналы сөздермен сусындатып, жүрегін мейірімділік пен жомартыққа, кішіпейілдікке, барлық жақсы сипаттарға лайықты насихаттап отыруымыз маңызды»,- деп, баяндап өтті.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі