Тұрар Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылының "Әшірбай" мешітінің имамы Марат Бидайбекұлы ауылдық мәдениет үйінде өткен "Иманды жас – ел болашағы" атты дөңгелек үстелге қатысып, жастармен кездесті.
Кездесу барысында Марат имам жастарды имандылыққа, әдептілікке, ізгілікке және шыншылдыққа шақырып, бұл асыл қасиеттерді бойға сіңіру жолдарын кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, Отанды сүю, ата-ананы құрметтеу, ұстазға ізет көрсету секілді қасиеттердің маңыздылығын атап өтіп, қоғамдағы зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеді.
Имам жаман әдеттердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, олардың адам өміріне тигізетін зияны мен қауіптілігін баяндады. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, олардың көкейінде жүрген мәселелерге қатысты кеңестерін айтты.
Түзелбеков Қуаныш
Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

