#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ЛУДОМАНИЯМЕН КҮРЕС» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ЛУДОМАНИЯМЕН КҮРЕС» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің наиб имамы Айтөре Нұрбайұлы аудандақ ішкі істер бөлімінде өткен жиынға қатысып, жастарды құмар ойындардан аулақ болуға шақырды.

Айтөре имам насихатында: «Адам баласын екі дүниеде зиянға ұшыратып, бақытсыздыққа душар ететін рухани дерттердің бірі – құмар ойнау. Алла Тағала қасиетті Құранда құмар ойынға тыйым салып: «Уа, иман келтіргендер, арақ-шарап, құмар, табынуға арналған пұттар және жебелермен бал ашу шайтанның амалы саналатын лас істер. Ендеше одан аулақ болыңдар. Мүмкін, құтыларсыңдар», ­– деп айтқан. Аятта құмарды «ластық» іс деп атауы жайдан жай емес. Өйткені «рижс» (ластық) сөзі  – әрі зиянды, әрі күнәлі нәрсеге қолданылады. Сонымен қатар бұл істердің шайтанның ісінен деп атаулы да тегін емес. Себебі шайтанның мақсаты  адамды азғырып азапқа душар ету. Осының өзі адам баласына тыйым салынған іс екендігін ұғындырып тұр. Аятта «рижс» деп танылған ішімдік, құмар, тізілген тастар және бал ашатын оқтардың ешбіріне жақындамау, жуымау керектігі бұйырылған»,- деп кеңінен тоқталып өтті.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: