Жамбыл ауданы, Сұлутөр ауылындағы "Хаджи Темаль Медина" мешітінің имамы Ансар Абиловтың ұйымдастыруымен аз қамтылған 4 отбасыға көмек көрсетілді. Қайырымдылық шарасы аясында жалпы 40 мың теңге көлеміндегі азық-түлік таратылып, мұқтаж жандарға қолдау жасалды.
Имам өз сөзінде қоғамда бай мен кедей қатар өмір сүретінін, алайда зекет пен садақа дәстүрі берік орныққан ортада әлеуметтік теңсіздіктен туындайтын алауыздық болмайтынын атап өтті. "Алла Тағала ризығын кең етіп берген жан садақа берген сайын, өзінің ақыретіне сауап жинап, жан тыныштығын табады", – деді ол.
Сонымен қатар, көмек алған отбасылардың ақжарма алғысы мен шынайы дұғалары да садақа берушілерге рухани қуат пен Жаратушының разылығын әкелетінін жеткізді. "Алла Тағала жасаған әрбір садақамызды қабыл етіп, берекелі етсін!" – деп түйіндеді имам.
Жамбыл аудандық "Хаджи Темаль Медина" мешітінің баспасөз қызметі