Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): "Дүние – перғауындардың мирасы, ал білім – Пайғамбарлардың мирасы. Дүниені Алла Тағала кез-келген құлына береді, білімді тек сүйген құлына ғана береді. Дүниені жұмсасаң, таусылып қалады. Ал білімді қанша жұмсасаң да таусылмайды, керісінше арта түседі. Дүние жиған адам қияметте қайдан алып, қалай жұмсағаны жайлы сұралады. Бірақ білімді адам қияметте білім алғаны үшін де, оны жұмсағаны үшін де мол сауапқа кенеледі"
Жамбыл облысы Қордай ауданы "Құдайберген "мешіті ұстазы Малика Аханқызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына ұстаздар уағыз насихат айтты. Аудандық "Қордай " мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызы "Қасиетті айларды пайдалы өткізіп, Рамазанға даярлық жасау" тақырыбында. Үшқоңыр медресе-колледжі шәкірті Карима Сәрсенқызы "Білім- ол қазына" тақырыбында және "Құдайберген" мешіті ұстазы Малика Аханқызы "Білім алу - парыз" тақырыбында. Көпшілікті ойландырған бұл тақырыптар ашықталып жамағатқа жеткізілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі