Мойынқұм аудандық спорт сарайында "Спорт экстремизмге қарсы" тақырыбында маңызды іс-шара өтті. Шара жергілікті бапкерлердің ұсынысы бойынша ұйымдастырылып, оған Мойынқұм ауданының бас имамы Р. Асылбекұлы арнайы шақырылды.
Кездесу барысында бас имам жас спортшыларға жат ағымдардың зардабы мен қауіпі туралы кеңінен насихат айтып, олардың діни және рухани сауаттылығын арттыруға бағытталған әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, жастар қойған сұрақтарға тұшымды жауап беріп, экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алу жолдарын түсіндірді.
Шара соңында имам жас спортшыларға сәттілік тілеп, "Сендер – елдің болашағысыңдар! Көк туымызды биікте желбірететін чемпиондар болыңдар" деген ізгі ниетін білдіріп, бата жасады.
Мойынқұм тілшісі