Жамбыл: Дін мен дәстүр насихаты жалғасуда

Жамбыл: Дін мен дәстүр насихаты жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев жамағатқа дін мен дәстүрдің өзара байланысы мен маңызын түсіндіру мақсатында уағыз жүргізді. Ол Алла Тағала адамзатты сеніммен жаратқанындай, әр ұлттың да өзегін құрайтын дәстүрлері бар екенін атап өтті.

Наиб имам кейбір жамағаттың "Арабтардың ұлттық әдет-ғұрпы жоқ" деген қате түсінігін түзету қажеттігін айтты. Ол Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) шариғатқа қайшы келмейтін ұлттық дәстүрлер мен ойын-сауықтарды қолдағанын мысалға келтірді. Сондай-ақ, қазіргі таңда дін мен дәстүрден алшақтамай, ата-баба жолын берік ұстанудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

"Дін мен дәстүрдің жаулары көп. Сондықтан олардың айырмашылығын ажырата білуіміз керек. Тозығы жеткенін түзеп, рухани құндылықтарымызды сақтай білсек, адаспаймыз", – деді имам. Іс-шараға 60 адам қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Жамбыл аудандық "Бәйдібек" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: