Мойынқұм: Ислам және отбасы құндылығы насихатталды

Мойынқұм: Ислам және отбасы құндылығы насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында "Бірлік" мешітінің имамы С. Смайловтың бастамасымен "Ислам және отбасы құндылығы" тақырыбында маңызды іс-шара өтті.

Ислам діні отбасы құндылығына ерекше мән беріп, отбасылық татулық пен сыйластықты сақтауды әрбір мұсылман ер мен әйелге жүктелген ортақ жауапкершілік ретінде қарастырады. Осыған орай, іс-шара барысында имам отбасы беріктігі, ерлі-зайыптылардың міндеттері мен ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы кеңінен насихат жүргізді.

Жиын барысында жамағат өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, рухани әрі тәрбиелік мәні зор мағлұматтарға қанықты. Бұл бастама ауыл тұрғындары үшін маңызды әрі пайдалы кездесу болды.

Мойынқұм тілшісі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: