Мойынқұм ауданы, Жамбыл ауылында "Ислам және отбасы құндылығы" тақырыбында ауыл тұрғындарына арналған іс-шара өтті. Жиынды ауданның бас имамы Р. Асылбекұлы жүргізіп, отбасы құндылығының дініміз бен дәстүріміздегі маңыздылығы туралы кеңінен насихат айтты.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылды "Ислам және отбасы құндылығы" жылы деп бекіткен болатын. Осыған орай, бас имам ауыл тұрғындарымен кездесіп, отбасының қоғамдағы рөлін, ерлі-зайыптылардың өзара міндеттері мен жауапкершіліктерін, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндірді.
Жиын барысында жамағат көкейдегі сұрақтарына жауап алып, имамның өнегелі уағызынан мол мағлұмат алды. Шара соңында ауыл тұрғындары имамға алғыстарын білдіріп, отбасы құндылығын дәріптеуге қатысты өз ойларымен бөлісті.
Мойынқұм тілшісі