Талас ауданы, Тамды ауылында жастар арасында волейболдан аудандық деңгейде жарыс өтті. Игі шараны Тәңкібай ата мешітінің имамы Мырзаханұлы Нұрбол ұйымдастырып, жасөспірімдер мен жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті.
Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған командалар марапатталып, оларға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Бұл бастама жастарды ынтымақ пен бірлікке, спортқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелейтін маңызды шара болды.
"Тәңкібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.