Талас ауданы, Қасқабұлақ ауылындағы "Әбілхан қажы" мешітінде отбасы құндылығын насихаттауға арналған жиын өтті. Ауыл тұрғындары бас қосқан шараны мешіт имамы Асанов Хеурза ұйымдастырып, дініміздегі отбасының орны мен маңыздылығына кеңінен тоқталды.
Жиын барысында имам ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген міндеттері, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі және балалардың ата-ана алдындағы парызы туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, отбасының берекесін сақтау, өзара құрмет пен сүйіспеншілікті нығайту тақырыптары қозғалды.
Жиын соңында жамағат көкейдегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Бұл басқосу ауыл тұрғындарына маңызды рухани әрі тәрбиелік мағлұмат беріп, отбасы құндылықтарын дәріптеуге үлкен үлес қосты.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.