Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қасқабұлақ ауылындағы "Әбілхан қажы" мешітінде жат ағымдардың зияны туралы кең көлемді уағыз-насихат өткізілді. Шараны мешіт имамы Асанов Хеурза жүргізіп, жамағатқа деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізер қаупі мен одан сақтанудың жолдары жайында түсіндірді.
Имам өз сөзінде жастарды жат ағымнан қорғау – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтіп, дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңыздылығына тоқталды. Жиын соңында жамағат көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.


08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

