Талас: Ауыл жастары мешіт айналасын қардан тазалады

Талас: Ауыл жастары мешіт айналасын қардан тазалады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы, Қасқабұлақ ауылында мешіт жамағаты игі іске ұйытқы болды. "Әбілхан қажы" мешітінің имамы Асанов Хеурзаның ұйымдастыруымен ауыл жастары мешіт айналасын қардан тазалау жұмыстарына атсалысты.

Қыс мезгілінде жауған қалың қар мешіт аумағына жиналып қалғандықтан, Хеурза имам жастарды игі іске жұмылдырып, мешітке қызмет етудің сауапты амал екенін еске салды. Жастар бірлесе еңбек етіп, мешіт айналасын толықтай тазалап шықты.

Ізгі шара соңында имам жастарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Бұл бастама ауыл жастарын ізгілікке, бірлік пен жанашырлыққа үндейтін сауапты іс болды.

"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: