Талас: "Жат ағым жарға жығар" – Тәңкібай ата мешітінде кең көлемді уағыз өтті

Талас: "Жат ағым жарға жығар" – Тәңкібай ата мешітінде кең көлемді уағыз өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы, Тамды ауылындағы Тәңкібай ата мешітінде "Жат ағым жарға жығар" атты кең көлемді уағыз-насихат өткізілді. Игі шараны мешіт имамы Мырзаханұлы Нұрбол ұйымдастырып, жамағатқа дәстүрлі ислам құндылықтарының маңыздылығын түсіндірді.

Уағыз барысында имам теріс ағымдардың қоғамға тигізер зиянын, олардың шынайы исламмен үйлеспейтінін және одан сақтанудың жолдарын жан-жақты тарқатып айтты. Сонымен қатар, жат ағымдардың алдын алу үшін діни сауаттылықтың маңыздылығына тоқталып, дәстүрлі исламның ұстанымдарын сақтау қажеттігін атап өтті.

Жамағат уағыздан мол мағлұмат алып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Жиын соңында мешіт имамы жамағатқа бірлік пен ынтымақтың маңызын ескертіп, дұға жасады.

"Тәңкібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: