Үйлену – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті әрі маңызды құлшылықтардың бірі. Осыған орай, Талас ауданы, Аққұм ауылындағы Аққұм мешітінің имамы Абатов Дәурен мешітке келген жастардың шариғат жолымен ақ некесін қиды.
Имам неке қию рәсімі барысында үйленудің үлкен жауапкершілік екенін атап өтіп, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің алдындағы міндеттері мен құқықтары жайлы уағыз айтты. Сондай-ақ, отбасылық өмірдің берекелі болуы үшін сыйластық пен сабырдың маңыздылығына тоқталып, жас жұбайларға ақ батасын беріп, бақыт тіледі.
Бұл игі іс-шара жастарға шариғат талаптарын ұстанудың маңызын ұқтырып, адал некенің қасиетін ұлықтауға үндеді.
"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.