#Т.РЫСҚҰЛОВ: «РАББЫҢ ҮШІН ҚҰРБАН ШАЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «РАББЫҢ ҮШІН ҚҰРБАН ШАЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша барлық мешітте «Раббың үшін құрбан шал» қайырымдылық шарасы өтті. Ауданға қарасты имамдардың ұйымдастыруымен құрбандық малдары арнайы қасапханаларда шалынып, еттері бөлініп мұқтаж отбасыларға таратылды.

Құрбан айт күндері мұсылманның атқаратын ең жақсы ісі –құрбан шалу. Пенденің шалған құрбандығы Қиямет күні оның пайдасына куәлік береді.Бауыздалатын малдың тамағына пышақ тартқанда шыққан қан жерге түспей тұрып, оның сауабы Алла Тағаланың құзырына барады. Бұл туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам баласы Құрбан айт күні қан шығарудан артық Алла Тағалаға жағымды іс істемеген. Әлбетте құрбан малдары Қиямет күні мүйізі, жүні және тұяғымен келеді. Әлбетте қан жерге ағудан бұрын Алланың құзырындағы орынға жетеді. Ендеше оны шын жүректен шалыңыз».

Құрбан шалу Алла Тағалаға жақын болу, күнәлардың кешірілуі, Жаратушы Иеміздің көптеген нығметтеріне шүкір ету, бай мен кедейге кеңшілік жасау үшін міндеттелді. Өйткені осы күні барлық адам Алла Тағаланың қонағы болады, құрбан етінен жейді, оны тарту етеді, одан садақа береді.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: