#Байзақ: АҚҚИЯДА МЕШІТ АШЫЛДЫ

#Байзақ: АҚҚИЯДА МЕШІТ АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ата дініміз ислам діні – адамзатты имандылыққа, жақсылық жасауға, адамды қадірлеуге үндейді. Дінімізге деген құрмет отбасынан, мешіт табалдырығынан басталары белгілі. Жалғызтөбе ауылдық округіне қарасты Аққия ауылында халық саны артып келеді. Кәсіпкер Рейфжан Гайнудиновтың бастамасы әрі демеушілігімен қасиетті Құрбан айттың бірінші күні келбеті мен сәулеті жарасқан жаңа мешіт ел игілігіне берілді.

Халықты имандылыққа ұйытып, бірлік пен ынтымаққа шақыратын Алла үйінің ашылуы Құран оқумен басталды. Құран аяттарын Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл оқып, бата қайырды. Аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы, аудан әкімінің орынбасарлары Болат Мырзаханұлы, Дулат Бекбосынұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков жаңадан бой көтерген мешіттің тұрғындарды имандылыққа тәрбиелеуде алар орны ерекше екенін атап өтіп, діни ғимараттың халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуіне тілектестігін білдірді.

Салтанатты түрде мешіт лентасы қиылған соң, ақжаулықты аналар шашу шашты. Көпшілік жаңа мешітке кіріп, бесін намазын оқылды.

Салтанатты жиында көпшілікке ас берілді. Меценат Рейфжан Гайнудинов құрылысқа қол ұшын берген, сөз жәрдемін аямаған ауылдың бірқатар тұрғындарына сый-сияпат жасап, қарияларға шапан жапты.

Мешіт жамағатымен көрікті. Жамағатқа есігін айқара ашқан еңселі ғибадат орны – Аллаға құлшылық жасап, бес уақыт намазын оқитын, тұрғындардың бірлігі мен ынтымағына қызмет етеріне сеніміміз кәміл.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: