Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен Қасиетті Құрбан айт қарсаңында өткен «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесі» отырысы болып өтті. Кеңеске аудан әкімі, бас прокурор Болат Қалыбаев және ауылдық мешіттің имамдары қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Алдымен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасап, есептері тыңдалды. Артынан, дінге қызмет қылып жүрген 20 шақты имам аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, 20 жылға жуық уақыт аудандық мешітте қызмет қылып, еңбек сіңірген Сұлтаншәріп Жәнібекұлы арнайы төсбелгімен марапатталды. Жиын соңынан аудан имамы Қуаныш Досымжанұлы Құрбан айт мерекесімен құттықтап, аудан басшыларына рақметін сөзбен жеткізді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі