#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ АҚШОЛАҚ АУЫЛЫНДА ЖҰМА НАСИХАТЫН АЙТТЫ

#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ АҚШОЛАҚ АУЫЛЫНДА ЖҰМА НАСИХАТЫН АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы «Ақшолақ» ауылдық мешітінің жамағатымен кездесіп, жұма намазын өткізді.

  Қанат Әділханұлы: «Асыл дініміз мұсылмандардың өзара туыс екенін айтып, өзара бірлікте, қамқор болып, мұқтаж болғандарға жәрдемдесіп, зекет пен садақаларды беруге бұйырады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресі, 71-аятында: «Мүмин ерлер мен мүмин әйелдер, бір-біріне шын жанашыр дос. Олар дұрыстыққа бұйырып, бұрыстықтан тосады. Сондай-ақ, олар намаздарын толық орындап, зекеттерін береді және Аллаға, Елшісіне бойсұнады. Міне, бұларды Алла мейіріміне бөлейді. Расында Алла тым үстем(әзиз), аса дана(хаким)», – деп айтқан.», - деп «Қайырымдылық – бірліктің бастауы» тақырыбында мешіт жамағатына насихат айтты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: