ҚМДБ-ға қарасты РАНТ мүшесі Серікхан Ахмадиев Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бесін намазына жиналған жамағатымен жүздесіп, дініміздегі «Уақып» қоры жайлы уағыз-насихат жүргізді.
Асыл дініміз Исламда қайырымдылық атаулының ең құрметтісі уақып деп танылады. Тілдік тұрғыда «уақып» сөзі ұстау, тоқтату, кедергі болу деген мағыналарды білдіреді. Шариғатымызда белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалануды уақып деп атаймыз.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі