Қасиетті жұма күні Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Нұрсұлтан Зулпыкаров Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық «Әбдімәжит» мешітінің жамағатына жұма уағызын айтты.
Нұрсұлтан Зулпыкаров: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзіне бір адам қандай да бір қажетімен келетін болса, оның мәселесін шешпей, жібермейтін болған. Сахабаларына да соны үйретіп: «Сендердің біріңнің бауырының кажетінде болуы мына мешітімнен шықпай құлшылық жасағаннан қайырлы», – деп насихат айтқан.