#Меркі ауданы: Жат ағым жарылқамайды

#Меркі ауданы: Жат ағым жарылқамайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

РАНТ мүшесі Ахмадиев Серікхан Меркі ауданы «Қарабала Төре» мешітінің жамағатымен жүздесіп  «Жат ағым жарылқамайды» тақырыбында уағыз-насихатын жүргізді.

Мешітке жиналған жамағатқа жат ағымның белгілерін айтып, ақпараттық жүйе қарқынды дамып жатқан заманда өте сақ болу керектігін, діни білімді тек ҚМДБ-ның арнайы бекіткен ұстаздарынан, мешіт имамдарынан үйренуді  және ҚМДБ-ның  сайттарынан, ресми әлеуметтік желілерінен тыңдап, күдікті діни сайттарға жоламау керектігін атап өтті. Мешіт жамағатын жат ағымнан алыс болуға шақырды.

Жиын соңында насихат тыңдауға жиналған жамағат сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Меркі аудандық  «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: