Алла Тағала ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алғаш уахи етіп түсірген аяттарында: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді»,– деп, оқуға бұйырған(«Ғалақ» сүресі, 1-5-аят). Бұл аяттардан оқу, білім алудініміздің ең басты талаптарының бірі екенін ұғынамыз. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінің әрбір сәтінде сахабаларын оқып-білуге, білгенімен амал етіп, өзгелерді де үйретуге шақырған.
Осы орайда Меркі ауданы «Жақсымбет ата» мешітінің жамағаты РАНТ мүшесі Ахмадиев Серікханмен жүздесті.
Көпшілік алдында сөз алған Ахмадиев Серікхан ұстаз діни білім алудың артықшылығы мен пайдасы жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріп, ауданымызда діни білімді ҚМДБ-ның тарапынан бекітілген имам-ұстаздармыздан алып, теріс жат ағымнан сақтану турасында уағыз-насихат айтты. Имамның уағызын тыңдауға келген жамағат, рухани дәрістен нәр алып, сусындап қайтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі