Еліміздегі "Уақып" қорын насихаттау мақсатында аудандық "Меркі ата" мешітінде, Жамбыл облысының "Уақып" қорының өкілі Есет Таласбаев аудан имамдарына «Уақып» қоры жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында Есет Таласбаев «Уақып» қорының жұмыс бағыты жайлы айтып, алдағы уақыттағы жоспарларымен таныстырды. Аудан имамдарын өңірлерде «Уақып» қорын жандандыруға шақырды. Уақып мәселесіне қатысты имамдардың сұрақтарына тұшымды жауаптар берілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



01 Январь 2026
12 Раджаб 1447

