Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен қасиетті Рамазан айында "Рамазан қоржыны" үлестірілді.
Аудандық мешіттің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға жалпы саны 50 отбасы қамтылып, күнделікті тұрмысқа қажетті ұн, сұйық май, күріш, ет өнімдері және т.б тұрмыстық заттар таратылды. Көмек алған отбасылар имам-молдаларға разылықтарын білдіріп, баталарын берді.
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі