#Байзақ: РАМАЗАН АЙЫНДА ҚҰРАНҒА ТҮСКЕН ШӘКІРТТЕРГЕ ҚҰРАН ТАБЫСТАЛДЫ

#Байзақ: РАМАЗАН АЙЫНДА ҚҰРАНҒА ТҮСКЕН ШӘКІРТТЕРГЕ ҚҰРАН ТАБЫСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде діни сауатын ашып жатқан шәкірттерге жамағат алдында Құран кітабы табысталды. Кітап табыстау шарасына арнайы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы қатысты.

Қанат Әділханұлы шәкірттерге: «Бұл Құранды үйренуіміз баршамызға міндет. Сіздер Рамазан айында Құранға түсіп, қасиетті кітапты қолдарыңызға алып жатырсыздар. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Оқы, сені ұйыған қаннан жаратқан Раббының атымен оқы», - десе, пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Құран оқыңыздар. Себебі Құран өзін оқушыларға қиямет күні шапағатшы болады», - деу арқылы бізге Құранға құрмет көрсетіп, ішінде жазылған аятқа амал жасауға шақырады», - деді.

Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы, мешіт ұстазы Азамат Есеевтің алдында оқып, Құранға түскен шәкірттер Пулат Батырхан, Хожамуратов Иманғали, Умиров Ернұр, Кенжебай Мейіржан, Шапаев Ерлан, Юлдошов Құдайназар және Естебаев Өмірхан Алланың кітабын сыйға тарту етті.

Шара соңында шәкірттерге аудан бас имамы батасын беріп, қари болып шығуларын тіледі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: