«Ислам және Дәстүр құндылығы» жылы аясында "Жаңару күніне" орай "Ар-Разақ" мешітінің имамы Молдашев Нұрболдың ұйытқы болуымен және мешіт жамағатының бірлесуімен мешіт ауласына 1500 түп терек ағашы отырғызылды.
Асыл дінімізде тал егу, ағаш отырғызу сауабы мол амалдан болып табылады. Алла елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) "Кімде-кімнің қолында бір құрма шыбығы болса, Қиямет басталды десе де дереу шыбығын ексін", - деп өсиет етіп кеткен. Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі де, ағаш егіп, оны баптаған. Ағаш отырғызу бұл Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті әрі қоршаған ортаны аялап болашақ ұрпаққа мол пайдасы тиетін сауапты іс. Дана халқымыз "Атадан мал қалғанша, тал қалсын" - деп бекер өсиет етпесе керек.
Отырғызған ағашымыз осы дүние де, пайдасын беретіні, ақыретте де, сауабы мол амалдан болатыны ақиқат.
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі