#Байзақ: ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІ ДӘРІПТЕЛДІ

#Байзақ: ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІ ДӘРІПТЕЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданында Наурызнама негізінде "Ұлттық киім күні кеңінен аталып өтілуде. Ұлтымыздың бет-бейнесін, яғни, сырт пішінімізді танытатын киім үлгілерге деген құрметімізді білдіруге арналды.

Осы мақсатта, аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде киім тігуде аудан ғана емес облыс, Республикамызға танымал болған ұлттық киім мен қолөнер бұйымдарын өркендетуде аянбай тер төгіп жүрген шеберлердің қолдарынан шыққан сән үлгілері көрсетілді. Сонымен қатар, шебер қолды қыздардың ұлт ұстанымындағы ұлттық киімдері мен қолөнер бұйымдары көрсетілумен бірге, сатылымдары да жүзеге асырылды.

Аталмыш шара барысында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова, Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл құттықтау сөз сөйледі. Шара қатысушылары «Әдемі» тігін шеберханасының негізін қалаушы, отбасылық кәсіпкер Аққалам Жумаева мен Байзақ ауданы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, жеке кәсіпкер, «Стамбул» дүкенінің негізін қалаушы Күнсая Амированың ұлттық мерекеге арналған киім үлгілерін тамашалады. «Ажарлы шебер» тігін шеберханасының негізін қалаушы Гүлжахан Маханбетованың «Әже», «Бала келін», «Ана келін», «Дана келін», «Қайын сіңлі», «Бүлдіршін қыздар» топтамасы мен Бақыт Мажинованың өз қолынан шыққан қолөнер бұйымдары мен кептірілген жеміс-жидектері де көпшілікті ризашылыққа бөледі.

Көрсетілім барысында ауданымыздың өнер жұлдыздарының концерті беріліп, ұлттық қолөнер түрлері мен киімдерден көрме қойылып, сатылым ұйымдастырылғанын айта кетейік.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: