Рамазан – тақуалықты одан әрі арттыруға мүмкіндік беретін ай. Құдайдан қорқа білу – мүминге міндет. «Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгеніндей, сендерге де ораза парыз етілді» – деп басталатын аяттың «мүмкін тақуалық қыларсыңдар» деген сөздермен аяқталуында үлкен сыр бар.
«Қош келдің сүйікті, Рамазан» рухани кешіне арнайы шақырылған ұстаздар насихаттарымен бөлісті. Шараға қонақ болып Жамбыл облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева, Жайна Бекназарова және Жібек Қолағұлова қатысты. Рамазан айы жайлы бір-бірінен асып, толықтырып, насихат айтты. Әйел, нәпсі тәрбиесі тақырыбы да тыс қалмады. Қонақтарға қошемет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды. Ұстаздарға әжелер алқасы мүшесі Гулчахра Қожабекқызы батасын беріп, алғысын жеткізді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі