Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің апалары мен жамағатының ұйымдастыруымен әйелдер қауымына ауызашар берілді. Бірнеше жылдан бері аталған мешіттің тұрақты жамағаты болып келген нәзік жандылар көрісіп, Рамазан мерекесімен құттықтап, мәз-мейрам болды.
Көпшілік алдында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева сөз сөйлеп, "Ауызашар дұғасының маңызы" тақырыбында мардымды уағыз айтты. Жылына бір рет қана келетін ауызашарда қалағанша дұға жасап қалу керектігін жеткізді.
Рухани уағыз тыңдап, ауызашарда жүздескен жамағат ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, тарауық намазына тарқасты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі