#Қордай: Әйел-қыздар жамағаты арасында рухани кеш болып өтті

#Қордай: Әйел-қыздар жамағаты арасында рухани кеш болып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) бір хадисінде: «Расында, әр адамға өзінің ниет еткен нәрсесі беріледі», – деген. Бұл – адам баласы өзінің ниетіне орай, мақсатына жетеді деген сөз. Кімде-кім сауабын Алладан үміт етіп, ораза ұстаса, күнәлары кешіріліп, Оның ризалығына бөленеді. Екі дүниеде де Алланың ризалығына кенелуден артық бақыт жоқ.

Аудандық "Қордай" мешітінің әйел-қыздар секторы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен "Қош келдің сүйікті, Рамазан" рухани кешіне  "Рахман" мешітінің Әжелер алқасы мүшелері, "Рахман" мешіті  Айгуль Жолдасқызының шәкірттері, ауданымыздың әнші-күйші ұстазы:  Жанар Еркінбайқызы, "Махаббат" би ансамбілі арнайы шақырылды.  Кеште "Көзімнің қарасы" әніне  биші қыздарымыз билеп, әнші-күйші апайымыз терме, ән, күйлер орындады. "Рахман" мешітінің шәкірттері өздері даярлап келген сөздерін, монологтарын орындады.

"Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызы Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізу салтанатын өткізді. Шәкірттерге Құранды көп оқу, жаттау және амал ету керек екені насихатталып, сыйлықтар берілді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: