«Бір ұмра келесі ұмраға дейінгі аралықта жасалатын күнәларды өшіреді. Қабыл болған қажылықтың қарымы тек жаннат қана». «Қажылық жасаушылар мен ұмраға барғандар – Алланың сыйлы қонақтары. Егер бұлар тілек тілесе, Алла тілектерін қабыл алады, күнәларына кешірім сұраса, күнәларын кешіреді». «Қажылық пен ұмраны қатар жасаңдар. Өйткені темір, алтын және күмістің дағын көріктің кетіргені секілді қажылық пен ұмра кедейлік пен күнәларды жоқ қылады».
Жамбыл облысы Қордай аудандық "Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты әжелерге рамазан айына ұмра сапарына сертификат берді. Әжелерімізге барша мұсылмандар үшін дұға жасап, қасиетті айда ұмра сауабы еселенетін айда, көптеп құлшылық жасап қайтуға ниет білдірілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі