Рамазан айы – он екі айдың сұлтаны, берекесі де, кешірімі мол ай. Барша үмметтің асыға күткен Құран айы да келіп жетіп, жұртшылық ауыз бекітуде. Рамазан – тұтастай ғибадатпен өткізілетін уақыт. Материалдық әрі рухани тұрғыдан жылдың ең берекетті күндері. Әрбір мүмин намазы, оразасы, жақсылықтары, қызметтері мен дұғасы арқылы осы рақымдылық пен берекеден нәсібін алуға тырысуы керек. Біліп және білмей істеген күнәлары үшін Алладан кешірім тілеуі керек. Жаратушысына жалбарынуы қажет.
Аудандық "Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздарға арналған "Қош келдің сүйікті, Рамазан "атты рухани кеш өтті. Кешті қасиетті Құранның аяттарымен Айгуль Жолдасқызы ашып, әжелер алқасы мүшесі Гулчахра Қожабекқызы бата берумен жалғасты. Кеште әжелер алқасы мүшелері мен шәкірттер көркем қойылымдар көрсетіп, монологтар оқыды. Қонақтармен ойындар ойнатылып, сыйластықтар берілді. Шәкірттеріміздің өнерлерін тамашалап, ғибрат алды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі