Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітінің ұстазы Ғалия Байтөреева Наурыз мерекесіне жайылған дастархан басында әйелдер жамағатына уағыз айтты. Қасиетті Рамазан айы, онда жасалатын сауапты амалдар, ауыз бекіту, ауызашар дұғасы, нәпсіні тәрбиелеу турасында айтылған насихат көпшіліктің көкейіне қонып, рухани азық болды.
Ұстаз көпшіліктің оразаға қатысты сұрақтарына жауап беріп, ас басында әдемі сұқбат өрбіді. Әжелер батасын беріп, әйелдер дұға жасады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі