#Шу: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

#Шу: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық болмауына пайдасын тигізеді. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы ретте бүгін Д.Қонаев атындағы орта мектебі және М.Х.Дулати атындағы орта мектебінде балалардың қауіпсіздігі, ерте жүктілік, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың көшеде түнгі сағат 23:00-де беймезгіл уақытта жүрмеуі, деструктивті діни ағымдардың зияны туралы ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шараға Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев қатысып, бала тәрбиесінің маңыздылығын, оның аманат екенін айтып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. 

Әрбір ата-ананың назарына, кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыздар.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: