Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты - мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедей-кепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайыр садақа берумен де көрініс табады.
Рамазан айында өзге айлардан өзгеше қайырымдылық шарасын көп өткізетін "Тоғай" мешіті мешітке көмек сұрап келген жанның өтінішін кеймеді. Мешіт имамы Жанат Сағитов 1 кілем мен қаржылай көмек табыстап, отбасыға береке мен Алланың разылығын тіледі.
Көмек алған жанұя разылығын білдіріп, батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі