Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітінде "Қош келдің, Әз-Наурыз" атты рухани кеш өтті. Мешіт ұстазы Ғалия Байтөрееваның ұйытқы болуымен жасалған шараға ақ жаулықты әжелер жиналып, қазақ дәстүрлерін насихаттады.
Ұстаз ұмыт болып бара жатқан дәстүрлер бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырып, "Сыр сандық" ойынын ойнатты. "Тұсау кесер" салтының жоралғысы жасалып, бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, үлкендер бата берді. Наурыз көже пісіріліп, қымыз-қымыранымен дастарханға қойылды. "Әжелер алқасының" мүшесі Жаңакүл әже немересіне жіп иіру мен көрпе құрауды үйретті. Аталған көрісті көпшілік тамашалар өздеріне ой түйіп қайтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

