Ақтөбе ауылы "Жылғабек" мешітінің молдасы Әбусейіт Қоспанов демеушілер арқылы ауыл тұрғындарына "Рамазан сыйы" таратылды.
Игілікке қолғабыс болған жастар шара үшін 100 000 теңге бөлген болатын. Мешіт молдасы ауылдағы ораза ұстаған барлық жандарға ауызашар үшін құрма, алма және су таратып, игі лебізін білдірді. Тосыннан мұндай сыйға тап болғандар қуанып, алғысын білдіріп, мерекелік көңіл күймен қауышты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі