Аудандық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан құптан намазына жиналған жамағатқа Құран түскен Рамазан айы жайлы уағыз-насихат айтты.
Қасиетті Рамазан айында ең үлкен құлшылықтың бірі бұл көптеп Құран оқу. Себебі ең алғашқы Құран аяттары осы Рамазан айында түскен болатын. Рамазанда Құранды толық хатым еткен пенде мол сауапқа ие болатыны хақ. Ізгі ғұлама-ғалымдарымыз да, Рамазан айында Құранға ерекеше көңіл болып, көп хатым ететін болған. Имам Ағзам Әбу Ханифа рамазан айында Құранды 60 рет хатым жасайтын болған, Алланың кітабына деген қандай махаббат десеңзші. Әр мұсылман қолынан келгенше осы қасиетті айда Құран оқып, оған ой жүгіртіп, шамасы келгенше амал істеуге тырысу қажет. Себебі бұл Құран адамзат баласын тура жолға бастаушы.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі.