Жамбыл ауданы, Жалпақ төбе ауылы, «Тұрғани» мешітінде Жамбыл облысы бойынша «Дін мен дәстүр» секторына жауапты Ғарифулла Әмірбеков жұма намазының алдында ауыл тұрғындарымен «Бала тәрбиесі - бір өнер» тақырыбында уағыз айтты.
Дінмен біте қайнасқан дәстүрімізде бала тәрбиесіне ерекше мән беріліп, еліміздің болашағы деп тәрбиесі мен тәртібіне аса назар аударғандығы жеткізілді. «Баланы жастан» - деп жүрегіне қара дақ түспестен имандылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет жасайтын, елім, жерім дейтін, отансүйгіш етіп тәрбиелеу маңызды екендігі айтылды. Шараға 200 адам қатысты.