«Жүніс молда» мешітінің имамы Дастан Қасымалиев жиналған жамағатқа мешітке келудің әдебі жайлы уағыз-насихат айтты.
Дінімізде әрбір нәрсенің өз әдебі бар. Сол сияқты мешітке келудің де, онда не істеу керек, не істемеу керек, өзіңді қалай ұстау керек деген сияқты өзіндік әдебтері бар. Дастан имам тарауық намазына келетін жамағатқа мешіт әдебіне аса ұқыптылықпен мән беру керек екенін жеткізді, соның ішінде мешітке келген кезде дауыс көтеріп сөйлемеу, және жас балаларға мешіт ішінде бос нәрсемен айналысып, дауыс көтеріп күліп, ойнап, басқа құлшылық жасап жатақан мұсылмандардың назарын алмауға, зиян бермеуге шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі.