Жамбыл ауданы, Жалпақ төбе ауылы, ауылдық мәдениет үйінде Жамбыл облысы бойынша «Дін мен дәстүр» секторына жауапты Ғарифулла Әмірбеков ауыл тұрғындарымен «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында кездесті.
Әрбір ұлттың өзіне тән ерекшелігі, дәстүрі, мәдениеті, ұстанымы және т.б. болуы шариғатқа қайшы емес екендігі айтылды. Орта Азия халықтарының, соның ішінде қазақ ұлтының да діні мен дәстүрі біте қайнасқандығы айтылды. Мысалы, бала дүниеге келгеннен бастап құлағына азан айту, сүндетке отырғызу, ұлды атқа отырғызу, қызға ибалық пен ұяңдықты үйрету сынды дін мен дәстүрдің байланысы сөзге тиек етілді. Шара соңында сұрақтарға жауап берілді. Шараға 11 адам қатысты.