Жамбыл облысы Байзақ ауданы Кеңес ауылдық «Кеңес» мешітінің имамы Ғали Олжабайұлының ұйымдастырумен «Тай қазан» жобасы аясында жағдайы төмен 12 мұқтаж отбасыға 124 мың теңгені құраған қайырымдылық жасалып, әр отбасыға бір қап ұннан таратылды.
«Тай қазан» жобасының мақсаты елді мекендерде тұратын мұқтаж отбасыларды анықтай отырып, оларға бір реттік көмек беру және де қазақ халқының дәстүрін насихаттау, келешек ұрпақтың бойына ізгілік қасиеттерді сіңіру болып табылады.