Меркі ауданы Тәтті ауылы "Тәтті" мешітінің имамы Асхат Көпбосынов мешітке келген жамағатқа уағыз-насихат айтты.
Тарауық намазына жиналған жамағатқа ауыл имамы Пайғамбарымыздың ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір тарихы жайлы уағыз-насихат айтып, жамағатты Пайғамбарымыздың сүннет жолын ұстануға, Ардақты елшімізді жақсы көруге, өмірбаянын (Сира) оқуға шақырды.
Алла Тағаланы жақсы көру, Оған бойсұну тек Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедті ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын) танумен, жақсы көрумен болады екен. Алла Тағала қасиетті Құранда әл-Имран сүресінің 31-32 аятында: "(Мұхаммедﷺ) оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла (Тағала) сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де. Және оларға: «Аллаға әрі Пайғамбарға бой ұсыныңдар» де. Егер олар бет бұрса, сонда Алла қарсы болушыларды сүймейді. " - деп мұсылмандаға, Ардақты елшімізге еруді, оған бойсұнуды әмір етіп жатыр.
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі.